Үндістанда 100-ге жуық адам алкогольден уланып көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында кемінде 99 адам қолдан жасалған алкогольден уланып, көз жұмды. Тағы 100-ден астам адам ауруханада жатыр. Зардап шеккендердің барлығы шай плантацияларында жұмыс істейтін жұмысшылар, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

«Бұндай жағдай Үндістанда бірінші рет болып отырған жоқ. Осыдан бірнеше күн ғана бұрын елдің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш және Уттаракханд штаттарында да 100-ге жуық адам сапасыз алкогольдің құрбаны болған еді. Тергеу басталып кетті»,- деп жазады агенттік.

Ассам штатындағы Голахат ауданының әкімшісі Дирен Хазариканың Франс пресс агенттігіне хабарлауынша, алкогольден көз жұмған алғашқы факт бейсенбі күні тіркелген.

Полиция қолдан ішімдік жасалған үйді тауып, бір жарым литр өнімді тәркілеген.

Соңғы жаңалықтар