Үндістан мен Малайзияда коронавирус өршіп тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Малайзия корольдігінде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте инфекция салдарынан 487 науқас қайтыс болды, 14 990 жаңа SARS-CoV-2 тасымалдаушысы анықталды. Олардың ішінде шетелден инфекция тасымалдануының 5 жағдайы бар. Жалпы алғанда, коронавирустық пандемия басталғаннан бері инфекция жұқтырғандар саны 2 142 924-ке жетті, 24 565 адам қайтыс болды.

Қазіргі таңда Малайзияның жұқпалы аурулар госпитальдарының реанимация бөлімшелерінде 1 114 пациент бар, олардың 615-і жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Үндістанда COVID-19 вирусының тарауы тәулігіне 18% артты. Вирусты 31 923 адам жаңадан жұқтырса, 282 адам осы науқастан көз жұмған. Бұл осы аптадағы антирекорд. Елде құрбан болғандар саны 446 050 адамға дейін өсті.

Үндістан әлемдегі халық саны ең көп мемлекеттердің бірі. Коронавирус тарағалы вирус жұқтырғандар саны 33 563 421-ге жетті. Елде жаппай вакцинация жалғасуда, бірінші компонентпен 83 миллионнан астам тұрғын егілді.


Соңғы жаңалықтар