Үндістан инфляциямен күреске 26 млрд доллар жұмсамақ
2022 жылғы 23 мамыр 17:40

Үндістан инфляциямен күреске 26 млрд доллар жұмсамақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістан үкіметі жоғары инфляциямен күресу үшін 2022-2023 қаржы жылында 26 млрд долларға (2 трлн үнді рупийі) жуық қосымша қаражат тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі The Economic Times басылымына сілтеме жасап.

Бензин мен дизель отынына салынатын салықты азайту бойынша жаңа шаралар осы мақсаттар үшін қарастырылған қаражаттан екі есе арттырылып, 13 млрд долларға жетеді. Сондай-ақ тыңайтқыштарды субсидиялауға қосымша 6,5 млрд доллар қажет болады. Онымен қоса, егер шикі мұнай бағасы қымбаттай берсе, билік жанармай салығын тағы төмендетуі мүмкін. Бұған 2022-2023 қаржы жылында бюджеттен қосымша 13-19,5 млрд доллар қажет болуы ықтимал.

Ақпан айында жасалған мәлімдемеге сәйкес, Үндістан үкіметі биыл рекордты 185,5 млрд доллар қарыз алуды көздеп отыр.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT