Үнділік өрт сөндірушілер опырыла құлаған ғимараттан 12 студентті алып шықты

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үнділік өрт сөндірушілер Делидің солтүстік шығысында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде опырыла құлаған ғимараттың ішінен 12 студентті алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

Үйінді астынан қалып қоюы мүмкін өзге адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Телеарнаның деректеріне қарағанда, оқу орталығы ғимараты жергілікті уақытпен 16.30-да опырыла құлаған.

Ал үнділік Outlook журналының электрондық нұсқасы сенбі күні 13 адамның ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Бұл нысанда құрылыс жұмыстары жүріп жатқан.




Соңғы жаңалықтар