+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

«Ұмытылған ұлттық тағамдар» жобасы таныстырылды

2020 жылғы 21 ақпан 22:28
Бөлісіңіз:
«Ұмытылған ұлттық тағамдар» жобасы таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Ұмытылған ұлттық тағамдар» жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазақтың ұмыт қалған ұлттық тағамдарын қайтадан жаңғырту мақсатында Достық үйінде «Рухани жаңғыру - ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен бірегейлікті сақтаудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті,

Шараға білім саласының жетекшілері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлікті дамыту палатасының өкілдері, жалпы білім беретін оқу орындарының директорлары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының басшылары, ұлттық тағамды зерттеушілер мен этнограф мамандар, мейрамхана ісінің мамандары, студенттер қатысты.

Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі және қалалық Білім басқармасына қарасты №28, 30, 55 мектептер бірлесіп дайындаған «Ұмытылған ұлттық тағамдар» жобасы таныстырылды.

Басқосуда мамандар қазақтың ұмыт болған тағамдарының бірқатарын атап, оларды қайта жаңғыртудың қажеттілігіне тоқталды. Тек табақ тартудың астарында үлкен мағына бар екендігі айтылды. Бұл күнде кежім табақ, төре табақ, бас табақ, аяқ табақ, қос табақ, сый табақ сынды табақ тарту дәстүрінің кейбірі ұмытылып бара жатқанын жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT