Ұлытауда Жолдауға байланысты ауқымды жұмыстар атқарылуда – Берік Әбдіғалиұлы

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған екінші Жолдауын жариялады. Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беретін мәселелер қаралды.

Мемлекет басшының мемлекеттік бағдарламалардың жаңа үлгісіне қатысты сараптамалық үлгідегі пікірлері мен содан өрбитін нақты ұстанымдары көңілге қонымды екені ақиқат.

«Осыған қатысты реформаларды «мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне және оларды орындау жауапкершілігіне деген көзқарасты өзгертуден бастауымыз керек» деген сөзінде терең мән жатыр. Себебі, барлық мәселелердің түпкі түйінін тарқату жайы басқару тетігінің тиімділігіне тікелей байланысты»,- деп Жолдауға қатысты пікірін білдірді Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиұлы.

Жолдауға байланысты биылғы жылы Ұлытау ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 18 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Дамыту жобасы аясында 3 жоба іске асырылуда. Олар Қарсақбай кентінде 100 орындық спорттық сауықтыру кешені, Жезді кентінде де 100 орындық спорттық сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аудан орталығында кәріз тазалағыш ғимараттардың құрылысы жасалуда.

    Осы жылы
15 жоба іске асырылады. Білім беру саласында - 3 жоба, мәдениет саласында - 4 жоба, тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары саласында - 8 жобаның жұмыстары іске асырылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 522 жаңа жұмыс орындары, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 260 адам жұмыспен қамтылды. Бүгінгі күні «Жұмыс орындарын құру интеграциялық картасы» базасына жоспарланған барлық 522 жұмыс орнының 275 орны ашылды, соның ішінде ЖҚО арқылы 142 адам уақытша жұмыстарға жолданып, мердігер арқылы 142 адамға еңбек келісімшарттары енгізілді.

«Ауыл ел бесігі» арнайы жобасы аясында ауданымызға қарасты барлық мектептер мен клуб үйлеріне күрделі жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда пайдалануға берілді. Көптен күткен Алғабас ауылындағы орта мектеп бүгінгі таңда пайдалануға беріліп, оқушылар сол мектепте білім алып жатыр. Биылғы жылы Мемлекет басшысының Жолдауда көрсетілгіндей ауданымыздың гүлденуіне өзіміздің септігімізді тигізіп жатырмыз. Әлі де болса ауданымыз үшін жұмыс істеуге дайынбыз. Еліміз, жеріміз, аудан, ауылдарымыз көркейе берсін!», - деді Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиұлы.


Соңғы жаңалықтар