Ulytau этно-рок тобы Уфада өнер көрсетті

None
None
УФА. БАШИНФОРМ – ҚазАқпарат – 8 шілдеде қазақ аспаптық этно-рок тобы Уфа амфитеатрының сахнасында «Фольклориада жүрегінде» өнер көрсетті. Уфалықтарға бұрыннан таныс Ulytau тобы Қазақстаннан жалынды сәлем жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Башинформ агенттігіне сілтеме жасап.

Топтың репертуарында заманауи үлгіде дыбысталған әлемдік классика да үлкен орын алады. Ұжымдағы жалғыз қыз — скрипкашы Әсел Исаеваның орындауындағы Бах пен Вивальдидің өлмес туындылары жаңа тынысқа ие болады.

Ресеймен байланыс карантин режиміне байланысты әлі де бұрынғы қалпына келген жоқ, бірақ музыканттар уақытты жоғалтпай, бірнеше жаңа күй жазды, студиялық қызметпен айналысты, сабақ берді, Әсел магистратураны бітірді. Сонымен қатар, Ulytau тобы онлайн байқауларға қатысып үлгерді:

«Наурызда біз Лос-Анджелестегі фестивальде бас жүлдені алдық, ол онлайн режимінде өтті. Оған 80-нен астам елден өкілдер қатысты. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды — іріктеу, содан кейін континентаралық. Осы кезеңдердің бәрінен өтіп, біз жеңіске жеттік. Карантин кезінде бұл біз үшін маңызды оқиға болды. Бұл бізді жігерлендіріп, алдағы жұмыстарымызға күш берді», — деді Әсел Исаева.

Айта кетейік, осы күндері Башқұртстандағы Фольклориада концерттерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ән-би ансамблі де өнер көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар