Ұлыбританияда жөндеу жұмыстары кезінде 14-ші ғасырдағы үңгір табылды

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Осы аптаның басында көшкіннен кейін жұмысшылар Ұлыбританиядағы теміржолды жөндеу жұмыстары кезінде 14-ші ғасырда адамдар пайдаланған үңгір мен суреттер тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап..

Ұлыбританиядағы теміржол инфрақұрылымының иесі және операторы NetworkRail компаниясының мәліметінше, жұмысшылар үңгірді Англияның Суррей графындағы Гиллфорд қаласы маңындағы жолды жөндеп жатқан кезде тапқан.

Болжам бойынша, үңгір орта ғасырларда Әулие Екатерина шіркеуімен байланысты діни орын немесе шіркеу ретінде қолданылған. 14 ғасырдың басындағы шіркеудің үйінділері темір жол маңындағы төбеде орналасқан. сарапшылардың айтуынша, үңгір әлдеқайда үлкен болуы мүмкін, оның шағын бөлігі ғана сақталған. Табылған суреттерде нүктелермен безендірілген готикалық текшелер және бүйірінде христиан крест бейнесі салынған.

Сарапшылар 7-8 текше, сондай-ақ екі тостаған сынығын тапты. Олар үңгірдің нақты кезеңін анықтау үшін радиокөміртекті зерттеу жүргізеді. Үңгірден табылған ағаш көмір мен қоқысты да зерттеуге қолдануы мүмкін.

Бұл – Ұлыбритания темір жолды салу немесе жөндеу кезінде ашылған бірнеше жаңалықтың бірі.

Наурыз айында Бирмингем Керзон-стрит стансасынан ең ескі темір жол айырығы табылды. 2014 жылы Лондон көпірінде бірнеше тарихи артефакті табылған болатын.


Соңғы жаңалықтар