Ұлыбританияда коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша жаңа антирекорд орнады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлыбритания коронавирус жұқтыру оқиғалары саны жағынан жаңа антирекорд орнатты, онда үш айда вирус жұқтырудың ең жоғары саны тіркеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша, санитарлық билік соңғы тәулікте 45 мың жаңа оқиға мен 57 өлім оқиғасы туралы мәлімдеді.

Мамандар оң нәтиженің ең көп бөлігі жасөспірімдер арасында анықталғанын атап өтті.

Қазіргі кезде елде 12-15 жас аралығындағы балаларды вакциналау басталып жатыр.

Қауіпті вирус жұқтыру көрсеткіші Ресейде де өсіп келеді: елде 34 мыңнан астам адам ауруға шалдығып, бір мыңға жуығы одан көз жұмды.

Вирустың кезекті толқыны кезінде елдің денсаулық сақтау министрлігі зейнеткер дәрігерлерден жұмысқа оралуын сұрады.

Румынияда ауру жұқтыру оқиғалары санының өсімін ұстап қалуға тырысып жатыр: Бухаресте қоғамдық орындарда жүру үшін арнайы санитарлық өткізу қағазы қажет.

Бүгінде Румыния астанасында әрбір бір мың тұрғынға шаққанда 16 жаңа оқиға тіркелуде. Ел тұрғындарының небәрі 27 пайызы екпе салдыртқан.

Ал Италияда санитарлық өткізу бекеттерінің қойылуына қарсы наразылық шаралары жалғасып келеді.

Енді ел азаматтары жұмыс орындарына кіруі үшін де арнайы өткізу қағаздарын алуы тиіс.

Демалыс күндері 300-ге жуық адам Италияның солтүстік-батысындағы Генуи кемежайының кіреберісін бұғаттады, Триеста кемежайында жүздеген адам жиналды.

Италияда 5 миллионға жуық жұмыскер вакцина алмаған: олар қызметтен шығарылмаса да, жұмыссыз жүргені үшін ақша төленбей отыр.


Соңғы жаңалықтар