Ұлыбритания тұрғындары қымбатшылықтан азық-түлікті аз-аздан сатып ала бастады

None
None
БРЮССЕЛЬ.ҚазАқпарат – Ұлыбританиядағы қоғамдық пікір сауалнамасы өмір сүру құнының өсуі кейбір британдықтардың тұтынушылық әдеттерін өзгертуге мәжбүр еткенін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

« Гардиан « жергілікті газеті жазғандай, Ұлыбританияда дүкен сөрелеріндегі макарон өнімдері 45 %-ға, консервіленген қызанақ пен жұмыртқа 13 %-ға қымбаттаған. Сүттің бағасы шамамен 20 %-ға артқан.

Экономистер келесі сәрсенбіде ресми статистика сәуірдегі бағаның жалпы өсуі шамамен 9%-ды құрайтынын көрсетеді деп болжайды. Ал Англия банкі биыл бұл көрсеткіш 10%-дан асады деп болжап отыр. Бұл – 1982 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Барлық ірі супермаркеттерді ұсынатын британдық бөлшек сауда консорциумының (BRC) басшысы «тұтынушыларды қиын кезеңдер күтіп тұр» деген пікірге келісіп отыр.

«Әлемдік азық-түлік бағасы рекордтық деңгейде, бұл энергия мен көлік шығындарының өсуіне, сондай-ақ еңбек нарығының өте шектеулі болуына байланысты», – деді оның бас атқарушы директоры Хелен Дикинсон.

Өмір сүру құнының дағдарысы қазірдің өзінде адамдардың тұтынушылық әдеттерін өзгертуге мәжбүр етіп отыр. Ұлттық статистика басқармасы (ONS) жариялаған қоғамдық пікір мен әлеуметтік тенденциялардың соңғы зерттеуіне сәйкес, әрбір бес ересек адамның екеуі дүкенге барған кезде азық-түлікті аз-аздан сатып алады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың басындағы көрсеткіштен екі есе көп.

Британдық статистика бюросының (ONS) сауалнамасында әрбір он ересек британдықтың тоғызы осы айдағы шығындары бұрынғыға қарағанда жоғары екенін айтқан.


Соңғы жаңалықтар