Ұлыбритания біліктілігі төмен иммигранттарға жұмыс визасын бермейтін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Брекситтен кейін Ұлыбритания біліктілігі төмен қызметкерлерді мемлекетке жұмыс істеуге кіргізбейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Ұлыбритания үкіметі жұмыс берушілерге «арзан жұмыс күшінен» бас тартып, автоматтандыру технологияларын дамыту мен қызметкерлерді сақтап қалуға инвестиция құюға шақырды.

Ішкі істер министрлігі Еуроодақ пен басқа мемлекет азаматтары 31 желтоқсаннан кейін тең құқықта болатынын мәлімдеді. Лейбористер бұл шешім қызметкерлерді тартуға кедергі келтіретінін айтты. Ал Ішкі істер министрі Прити Пательдің айтуынша, үкімет керісінше талантты адамдарға қолдау көрсетіп, Ұлыбританияға келетін біліктілігі төмен қызметкерлердің қатарын азайтуды қалайтынын мәлімдеді.

ВВС-дің жазуынша, Ұлыбританияда «экономикалық белсенділігі» жоқ 8 млн адам бар және кәсіпорындар қажет жағдайда соларды жұмысқа тарта алады.

Үкімет өкілдерінің хабарлауынша, жаңа иммиграциялық жүйе балдық жүйеге негізделетін болады. Соған сәйкес Ұлыбританияда жұмыс істегісі келетін азаматтар кемінде 70 балл жинауы керек.


Соңғы жаңалықтар