Ұлыбритания бензинмен жүретін көліктерді сатуға тыйым салуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Британдық үкімет бензинмен жүретін көліктерді сатуға бұрын жоспарланған 2040 жылы емес, он жыл бұрын, яғни 2030 жылдан бастап тыйым салуды көздеп отыр. Бұл туралы The Guardian газеті хабарлайды.

Бұл шара Біріккен Корольдік жолдарында электромобильдердің таралуын жылдамдатады.

Жаңа «жол картасы» қыркүйектің соңына қарай жарияланады деп күтілген еді.

Басылым дереккөздерінің айтуынша, енді бұл үкіметтің соңғы кездері коронавирус індетіне шалдыққандар санының күрт көбеюіне байланысты 2020 жылдың соңына қарай қолға алынады.

Айта кетсек, Норвегия 2025 жылы жанармаймен жүретін жаңа автомобильдерді түгелдей сатуға тыйым салатын алғашқы ел болғалы отыр.

Ал Германия, Ирландия және Нидерланды тыйым салуды 2030 жылы енгізбек. Францияда экологиялық таза көліктер 2040 жылдан бастап баламасыз болмақ.


Соңғы жаңалықтар