Ұлы Дала бояулары: Парижде Қазақстан жайлы көрме ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде Қазақстанға арналған көркемөнер көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлы дала бояулары» көрмесі жас қазақстандық фотографтардың, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорынан грант иегерлерінің және ЮНЕСКО-ның «The Planet of ART-2018» халықаралық фестивалінің жас жеңімпаздарының шығармалары ұсынылды.

Көрмеге барлығы 70-ке жуық фотожұмыс пен сурет қойылды.

«Ұлы дала бояулары» жобасы - Қазақстанның қасиетті орындары мен астанамыздың заманауи сәулет өнерін бізге мүлде басқаша қырынан көрсеткен суретші балалар мен жас фотографтардың бірегей шығармашылық симбиозы», - дейді Алматыдағы ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

null null null null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар