Ұлы Дала аңызы, көшпенділер мүлкі, жылқы: Елордада ұлттық көрме ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында ұлттық құндылықтардан хабар беретін көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында ашылған көрмеге картинкалармен қатар бұйымдар қойылған.

«Біз биылғы айтулы 2 дата аясында, Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай арнайы жоба ұсынуды жоспарлағанбыз. Бүгін сол жоба аясында көпшілік назарына 4 экспозицияны ұсынып отырмыз. Соның бірі «Тұлпар» деп аталады. Жылқының қазақ халқы үшін қандай қасиетті жануар екенін бәріміз білеміз. Оның үстіне өнерде жылқы ол сұлулықтың символы. Сондай-ақ, біздің ұлы дала түрлі аңыздар мен махаббат хикаясына толы. Бүгінгі көрмеде осы салаға қатысты туындылар бар. Ол картиналарды Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұсынды», - деді «Құланшы» заманауи өнер орталығының жетекшісі Лейла Махат.

Көрмеге қазақстандық суретшілерден бөлек, түрік және молдава суретшілерінің туындылары да қойылған.

«Мен символдарды бейнелегенді ұнатамын. Картинам арқылы жылқы әлемін көрсетуге тырыстым. Жылқыны бейнелеудің өзіндік философиясы бар. Ол аспан мен жерді өзара үйлестіреді», - дейді қазақстандық суретші Сембіғали Смағұлов.

Молдовалық суретші Наталья Каракоз көрменің ашылуына орай елордаға арнайы келіпті.

«Маған жылқы өте ұнайды. Әсіресе жылқы портретін салу. Жалпы портрет адам болсын, жануар болсын оның қасиетін, мінезін көрсетеді. Менімше, жылқы ең ақылды жануарлардың бірі. Сонымен қатар жылқы сұлу жануар», - деді суретші.

Сондай-ақ, аталған көрмеге отандық белгілі шебер Сержан Башировтың «Кебеже» атты көшпенді халық тұтынған заттар қойылған.

Елорда халқы мен қонақтары үшін келер жылдың қаңтарына дейін ұлттық көрменің есігі ашық.


Соңғы жаңалықтар