Ұлттық спорт түрлерінен Түркістан облысының біріншілігі өтуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласындағы атшабарда жастар мен жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрлерінен Түркістан облысының біріншілігі өтуде. Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған аламан додаға өңіріміздің ең мықты деген командалары қатысып, бақтарын сынауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл дода Түркістан облысы әкімі Кубогіне іріктеу сайысы саналады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ұлттық спорт қауымдастығының теңге ілуден өткізетін республикалық жарысқа да іріктеу болып отыр. Аударыспақтан 5 салмақ бойынша 80 балуан қатысып, барлық аудандар бойынша өз мықтыларын анықтауда. Жарысқа барлық қала-аудандарынан жастар командасы қатысуда.

Теңге ілуден бас жүлдені Төлеби ауданынан келген жастар арасында Рахат Қамбаров, күміс жүлдені Нұрбағлан Сәдуақас, қола жүлдегер Мадияр Жүсіпхан атанды. Ал, жасөспірімдер арасында теңге ілуден бағын сынаған Ордабасы ауданының тумасы Нұрлыхан Ыспахан жеңімпаз атанды.

Облыс біріншілігі 3 ақпан күні аяқталады деп жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар