Ұлттық санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрландыру қалай қаржыландырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2022-2023 жылдары Ұлттық санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрлық платформаға көшірмекші. Ведомство бұл шараға кететін қаражат қандай көзден алынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрландыру «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы – «Зерде ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ мен «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК қатысуымен интеграцияның сервистік моделін әзірлеу шеңберінде жоспарланған. Жобаны іске асыру мерзімі – 2022-2023 жылдар», - деп жазылған министрліктің ҚазАқпарат салауына берген жауабында.

ДСМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгінде «Зерде ҰАХ» АҚ мен ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы бірлесіп жобалауға тапсырма әзірлеп жатыр. Алайда әзірге жаңа платформаның құны қанша болатыны белгісіз көрінеді.

«Жобаларды әзірлеудің шекті жол берілетін құнын «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы жобалауға арналған тапсырманы бекіту шеңберінде есептейтін болады. Бұл жобаны іске асыру республикалық бюджет есебінен жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Ұлттық санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрландыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлінген жоқ», -деп жазылған ресми жауапта.


Соңғы жаңалықтар