+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ұлттық санақ: Астанада 1,5 мың интервьюер үйлерді аралауда

2021 жылғы 15 қазан 21:37
Бөлісіңіз:
Ұлттық санақ: Астанада 1,5 мың интервьюер үйлерді аралауда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда 1 қазаннан бастап ұлттық халық санағы аясында интервьюерлердің үйлерді жаппай аралауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада ЖРВИ-мен ауырғандар саны күрт артты Елордада адасып кеткен оқушы табылды Елордада 3 көлік соқтығысты

Үйлерді жаппай аралау осы жылдың 30 қазанына дейін жалғасады. Интервьюерлер белгіленген мерзімде санақтан онлайн өтпеген тұрғындардан сауалнама алатын болады. 1,5 мыңға жуық интервьюер-тіркеуші үйлерді сағат 09.00-ден 21:00-ге дейін аралайды.

15 қазанға дейін санақтан онлайн өткен респонденттер екінші рет қайта жазылмайды. Олар интервьюерге санақ өткендігі туралы бұрын алынған SMS-хабарламаны немесе электрондық хабарламаны көрсетуі тиіс.

«Санақ кезінде деректерді жинау үшін сәйкестендіру ақпараты ретінде сұрау салынған адамның ЖСН пайдаланылады. Бұл деректердің қайталануына жол бермейді. Сондықтан онлайн режимде санақтан өтпеген респонденттер интервьюерлерге өздерінің ЖСН, сондай-ақ бірге тұратын адамдардың ЖСН ұсынуы және санақ парақтарының сұрақтарына жауап беруі қажет.

Үй-үйді аралау кезінде барлық қайта жазылған респонденттерге интервьюерлер санақтан өткені туралы анықтамалар береді, оларды осы іс-шара аяқталғанға дейін сақтау қажет. Бұдан басқа, халықтың қамтылуын және деректердің дұрыстығын тексеру мақсатында 2021 жылғы 1-7 қараша аралығында респонденттердің 10% қорытынды тексеріс жүргізіледі», - делінген әкімдік сайтында.

Халық санағының негізгі кезеңіндегі интервьюердің сыртқы келбеті:

- фотосуреті бар бейдж, онда оның тегі, аты, әкесінің аты, берілген күні және қолданылу мерзімі, аумақтық статистика бөлімшесі басшысының мөрі мен қолы көрсетіледі;

- логотипі бар көк шарф;

- логотипі бар көк түсті портфель;

- электрондық санақ парақтары бар планшет болады.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында интервьюерлер барлық қажетті жеке қорғану құралдарымен (маскалар, антисептиктері бар санитайзерлер) қамтамасыз етілген.

Еске салайық, Ұлттық санақта 91 сұрақ қамтылған. Сұрақтар бойынша 1446 бірыңғай call-орталығына хабарласуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT