Ұлттық парктерді дамыту мəселесі жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық парктерді дамыту мəселесі жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде ұлттық парктерді дамыту жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы бастама көтерді. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.

«Алматы жұртшылығының Іле Алатауы ұлттық паркін абаттандыру мəселесіне алаңдайтынын білем. Барлық туындаған мəселелерді шешу үшін біздің ведомство құрамына саладағы сарапшылар, министрлік өкілдері, жұртшылық, экобелсенділер кіретін Ұлттық парктерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес құру бастама көтерді», - деп жазды М.Мырзағалиев.

Оның айтуынша, кеңес «инвестордың міндеттемелерін орындауына, ұлттық парктерді дамыту жоспарын талқылауға қатысуға, қажет болған жағдайда, оның аспектілерін іске асыруға əсер етуге бақылау жасай алады».

Министр барлық мүдделі тұлғаларды кеңеске қосылуға шақырды.

«Тек біріккен кезде ғана біз табиғат байлығын сақтай аламыз», - деп атап өтті ол.

Экология министрлігінің басшысы министрліктің ұлттық парктерді «табиғатқа жүк түсірмей» дамытуды көздеп отырғанын еске салды.

«Қазірде оларды дамыту кезінде ауқымды ғимараттар салуды қойып, эко-туризмді дамытуға, жүргіншілер жолын салуға, тек жеңіл нысандар салуға назар аудару қажет. Яғни қоршаған ортаға орынсыз килігу болмауы тиіс», - деп атап көрсетті М. Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар