Ұлттық Олимпиада комитеті Тимур Құлыбаевқа көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Тимур Құлыбаевқа анасы Раиса Алдабергенқызы Құлыбаеваның өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қадірлі Тимур Асқарұлы! Біз орны толмас қайғыңызға ортақпыз. Раиса Алдабергенқызын білетін жандар оның жүрегі мейірімге толы, ақжарқын адам болғанын айтады. Өмірдегі ең асыл адам – аяулы ананы жоғалту ешкімге де оңай соқпайды. Осындай қиын сәтте Сіздің қайғыңызға ортақтасып, қолдау көрсеткіміз келеді. Анаңыз жайлы жарқын естеліктер мен онымен бірге өткізген сәттеріңіз әрқашан жүрек төрінде болары анық. Олимпиадалық отбасы Сіздің жанұядағы ауыр қазаға ортақтасады» делінген комитет таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар