Ұлттық музейде «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» фотокөрмесі өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық музей қонақтарына ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» фотокөрмесі ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Аталған көрме фотосуреттер арқылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметін көрсете отырып, қалың көпшілікті Қазақстанның даму тарихымен таныстырды. Көрмеде Елбасының басты жетістіктерін, жаһандық кеңістіктегі орнын айқындайтын фотоқұжаттар ұсынылды.

«Аса көрнекті саяси қайраткер, заманауи Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, тарихи тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзін Қазақстан Республикасының халқына қызмет етуге тұтастай арнады. Тәуелсіз Қазақстан жасап келе жатқан аз ғана уақыт ішінде біздің республикамыз әлемнің бәсекелестікке қабылетті 50 экономикасының тізіміне кірді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ұлттың жасампаздық әлеуетін нығайтып, қоғамды аса қуатты серпіліскежұмылдыра білді. Қазақстан Н.Назарбаевтың көп мәселелі және үйлестірілген сыртқы саясатының арқасында мемлекеттің одан әрі дамуы үшін маңызды жетістіктер мен қолайлы жағдайларға қол жеткізді» делінген хабарламада.

Өткен онжылдықтар ішінде Елбасының жеке мұрағаты жүздеген құжаттармен, фотосуреттермен және бейнематериалдармен толығып, солардың негізінде еліміздің барлық мәдени саласының даму және жетістіктер тарихының ретроспективті келбеті қалыптасты.

Соңғы жаңалықтар