Ұлттық қорға қаражат жинау - Елбасы көрегендігінің тағы бір дәлелі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазір карантин уақытын ұзарту туралы айтуға ерте. Бұл туралы онлайн брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ешкім екі апта бұрын эпидемиологиялық жағдайдың қалай болатынын нақты айта алмайды, бірақ біз барлығына дайын болуымыз керек. Сондықтан кеше айтылған барлық шаралар - жағдай күрделеніп кетсе де, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау кепілі. Ол үшін бізде қажетті шарттардың барлығы жасалған. Мемлекет басшысы тапсырмасы, нақты жұмыс жоспары және Ұлттық қорда жиналған қаражат бар. Осы ретте Ұлттық қорға қаражат жинау шешімі - Елбасының көрегендігінің тағы бір дәлелі деп айтуға болады», - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.


Соңғы жаңалықтар