Ұлттық қордың валюта активтері қазан айында 1 млрд долларға азайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтер бойынша, Ұлттық қордың валюта активтері қазан айында 1 млрд долларға азайып, қазан айының соңында 56,34 млрд долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, пандемияның екінші толқыны тәуекелдерінің іске асырылуы нарықты қайтадан төмендеу жағына өзгертті. Мәселен, MSCI жаһандық акциялар индексі қазанда 3%-ға төмендеді. Нәтижесінде ағымдағы жылғы 10 айда жаһандық акциялардың кірістілігі теріс және (-) 1%-ды құрайды.

«Нарықтағы инвестициялық кірістің құлдырауына байланысты,Ұлттық қордың инвестициялық кірісі қазанда теріс қалыптасып, (-) $470 млн болды, оның ішінде акциялар портфелінің құлдырауы $390 млн-ға жуық болды. Соңғы айлардағы теріс серпінге қарамастан Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің жыл басынан бастап оң болып қалатынын және шамамен 950 млн болатынын атап көрсеткен жөн»,– дейді Әлия Молдабекова.

Бюджетке кепілді трансферттерді бөлу түрінде Қордан алу қазанда 230 млрд теңге болды. Осыған байланысты Ұлттық банк Ұлттық қордың валюталық активтерін шамамен $534 млн сомасына сатты.


Соңғы жаңалықтар