Ұлттық қордың конвертация және трансферттерінің көлемі туралы ақпарат жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банк Ұлттық қордың конвертациялары мен трансферттерінің көлемі туралы ақпаратты жариялауға кіріседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ бағам саясатының айқындылығын және оған деген сенімді арттыру мақсатында, Ұлттық банк ресми интернет-ресурста Ұлттық қордың конвертациялары мен трансферттерінің көлемі туралы ақпаратты жариялауға кіріседі.

Ақпарат «Статистика» бөлімінде ай сайын жарияланады және онда Ұлттық қордан бөлінген трансферттің, алдыңғы айда жүргізілген операциялардың көлемі туралы мәліметтер қамтылатын болады.


Ұлттық қордың 2020 жылғы қаңтардағы операциялары

2020 жылғы қаңтарда Ұлттық қордан бөлінген кепілдік берілген трансферттердің көлемі 575 млрд теңге болды.

Кепілдік берілген трансферттерді бөлу мақсатында, ең алдымен, 2019 жылғы қарашада және желтоқсанда Ұлттық қорға нетто-түсімдердің көп түсуіне байланысты толықтырылған Ұлттық қордың теңге шотындағы қаражаттың қалдығы пайдаланылды.

Теңге шотындағы қалдықты ескере отырып, сондай-ақ 2020 жылғы қаңтарда Ұлттық қорға түскен түсімдердің есебінен кепілдік берілген трансферттерді бөлуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк жалпы сомасы 489,4 млн АҚШ долларына (185,9 млрд теңге) Ұлттық қордың валюталық активтерін конвертациялау операцияларын жүргізді.


Соңғы жаңалықтар