Ұлттық қор жинақтау режимінен тұтыну режиміне ауысып кетті - сенатор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қор жинақтау режимінен тұтыну режиміне ауысып кетті. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Ольга Перепечина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қор жинақтау режимінен тұтыну режиміне ауысып кетті. Және де бізге орын алып отырған беталысқа өте тыңғылықты болу қажет. Республикалық бюджеттің кірісінде жыл сайын Ұлттық қор трансферттерінің үлесі өсіп барады. 2020 жылы ол 40 пайызды құрады. Пандемияға байланысты ахуалдың жақсаратындығына әзірше сенім жоқ. Ал мемлекеттік міндеттеме көлемі өсіп келеді. Әлеуметтік блок шығыстар қазірдің өзінде бюджет көлемінің 40 пайызынан асып кетті», - деді сенатор.

Оның атап өтуінше, дағдарыс кезеңінде бұл мәжбүрлі әрі негізі бар іс-шара саналады.

«Бірақ, әлемдік экономиканің түбегейлі өзгеруі аясында шикізаттың емес кірістердің жаңа көздерін іздеу және еліміздің «қауіпсіздік жастығы» әрі болашақ ұрпаққа арналған қаражатты басқарудың әдістерін қайта қарастыру қажет», - деді Ольга Перепечина.


Соңғы жаңалықтар