Ұлттық қор трансферті күрделі кезеңде тұрақтылыққа мүмкіндік берді - Қайрат Келімбетов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Astana FINANCE DAYS 2021» жыл сайынғы конференциясы аясындағы Қазақстанның ұлттық басымдықтары тақырыбында сессия жұмысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талқылауға ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов, ҚР Президентінің кеңесшісі Сума Чакрабарти, Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов, Қазақстандағы ЕҚДБ өкілдігінің директоры Агрис Прейманис қатысып отыр.

«Қазіргі кезде барша әлемде коронавирус пандемиясын еңсеруге қатысты үкіметтердің жұмысына талдау жүргізіліп жатыр деп ойлаймын. Меніңше, Қазақстан туралы айтарлықтай оңтайлы бағалау бар. Біріншіден, әлемде адамдардың өмірін құтқару, эпидемиологиялық қатерге жауап беру, сондай-ақ дағдарыс құбылыстарымен күресу бағыттарына көңіл бөлінді. Мұнымен қоса, болашақ өсімге жағдай жасау да қарастырылды», - деді Қайрат Келімбетов.

Осы орайда ол былтырдан бері елімізде аталған бағыттарға қомақты қаражат бөлінгенін еске салды.

«Жалпы, Ұлттық қордан трансферттер аясында «қауіпсіздік жастығы» күрделі кезеңде тұрақтылықты сезіну үшін жақсы мүмкіндікті құрғанын атап өткен жөн», - деді агенттік басшысы.

Оның пайымынша, пандемия кезінде бірқатар салада тосқауыл болғанымен, Үкімет денсаулық сақтау, экономикалық өсім саласында бақылауды жүргізіп келеді.

Бірқатар елде вакциналау қарқыны жақсы жүргізілгеніне тоқталған Қ. Келімбетов : «бұл тұрғыда ұжымдық иммунитетті құруға екпін қойылған. Індеттің түрлі мутациялары шыққанымен, осындай қадамдар аурудың таралуын шектей алады. Менің ойымша, жасыл аймаққа шығу экономиканың өсіміне оң әсер етеді. Бұл ретте қызмет көрсету саласы кеңінен іске қосылып, шектеулер азаяды. Сондықтан ұжымдық иммунитет тұрғысында Қазақстан Үкіметінде жақсы жоспарлар бар, вакциналаудың тиісті кестесі жасалған. Біз оны орындасақ, пандемияға жауап пен орнықты өсім бойынша Қазақстан тұрақты аймақта болады», - деді.


Соңғы жаңалықтар