+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Ұлттық кеңестің бірнеше отырысынан кейін нақты нәтиже боларына  сенеміз – Максим Споткай

2019 жылғы 6 қыркүйек 14:01
Бөлісіңіз:
Ұлттық кеңестің бірнеше отырысынан кейін нақты нәтиже боларына  сенеміз – Максим Споткай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірнеше отырысынан кейін нақты нәтиже боларына сенеміз. Мұндай пікірді аталған кеңестің мүшесі Максим Споткай білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Алматыда Ұлттық кеңес мүшелерімен кездесті Ерлан Қарин Ұлттық кеңес туралы Youtube-канал ашты Ұлттық кеңес аясында бірнеше іс-шара өткізілді

«Бүгінгі отырыс бүкіл еліміз үшін өте өзекті шара болды деп айтуға толық негіз бар. Шынында да осы кеңестің төрағасы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда қоғамымызда талқыланатын мәселелерге жауап берді. Бұл өте үлкен алаң. Дегенмен, бүгін алғашқы отырысы өтті және бірнеше отырыстан кейін нақты нәтиже болады деп сенеміз. Сол үшін Президенттің өзі бұл алаңды, кеңесті басқарады. Меніңше, кеңес мүшелерінің айтқан ойлары, ұсыныстары өте орынды. Осы уақытқа дейін де бұл мәселелерді әлеуметтік желілерде талқылаған едік. Енді міне осы мәселелер президенттік деңгейге шығып отыр», - деді ол Ұлттық кеңестің бірінші отырысынан кейін.

Максим Споткай Ұлттық кеңестің саяси тобына мүше екендігін атап өтті.

«Біз алғашқы кездесуден кейін бірнеше нақты ұсынысты тобымызға жолдаған едік. Оны бүгін Айдос Сарым Президентке жеткізді», - деді кеңес мүшесі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT