+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Ұлттық кеңес: Жұмыссызға кредит берген банктерді жауапқа тарту ұсынылды

2020 жылғы 22 қазан 15:52
Бөлісіңіз:
Ұлттық кеңес: Жұмыссызға кредит берген банктерді жауапқа тарту ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықтың әлеуметтік жағдайының ушығуына себепкер болып отырған банктердің жұмысына сараптама жүргізу керек. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында кеңес мүшесі Ләззат Қожахметова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Несиесін төлей алмай отырған адамдар мәселесіне тоқталған ол: «Пандемия кезінде сот орындаушылары мен коллекторлар халыққа қысым көрсетіп, алдау мен арбау фактілері көбейіп жатыр. Барлық есепшоттары бұғатталған отбасылар бар. Әрине, негізсіз несие алған тұрғындардың да кінәсі бар. Бірақ, осыған байланысты проблемалық несиесі көп банктерді анықтауды сұраймыз. Себебі, Қазақстанда кейбір банктер жұмыс істемейтін, зейнетақы жарнасы аударылмайтын, төлем қабілеті жоқ, басқа банктерде бірнеше несиесі бар адамдарға жоғары пайызбен несие таратқан. Яғни халықтың әлеуметтік жағдайының ушығуына себепкер болып отырған банктер мен қаржы ұйымдары бар», - деді Ләззат Қожахметова.

Осы орайда ол індетке байланысты жұмыссыз қалып отырған адамдардың несиеге байланысты проблемалары ушыққанын атап өтті.

«Мұндай жағдайға әкеліп отырған банктердің де жұмысына сараптама жүргізіліп, олар да жауапқа тартылуы қажет деп есептейміз», - деді кеңес мүшесі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Л.Қожахметова коронавирустың бірінші кезеңінде дағдарыс орталықтарына жүгінген әйел мен бала көбейгенін айтқан болатын.

Оның сөзінше, көпбалалы отбасылар тарапынан бизнес курстарға деген сұраныс жоғары болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT