Ұлттық кеңес: ЖОО гранттарын алдымен табысы аз отбасылардан шыққан жастарға бөлу ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов ЖОО-лар бойынша гранттарды алдымен табысы төмен отбасылардан шыққан жастарға бөлуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен жоғары білімді дамытудың концептуалды ұсыныстарын әзірледім. Бұл саланы кеңірек бағалау үшін елде үш аңыз барын атап өту керек: бірінші аңыз – «елде студенттердің саны өте көп». Шынында да миллион халыққа есептегенде бізде студенттер саны АҚШ-тан қарағанда екі есе, Малайзиядан қарағанда бір жарым есе аз. Екінші аңыз – «Қазақстанда қазіргі таңда ЖОО-лар саны өте көп». Шынтуайтында Қазақстанда АҚШ, Франция мен Ресейден қарағанда (халық санымен есептегенде) олардың саны аз. Үшінші аңыз – Қазақстанда білім сапасы тиімсіз. Айтарым бізде бұл салаға бөлінетін қаражат тым аз. Бұл салаға қаражат бөлу жағынан (3,3 пайыз) әлемде біз 39- орындамыз», - деді Асылбек Қожахметов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында.

Оның айтуынша Малайзия қорғанысқа қарағанда білімге 13 есе, Корея 8 есе, Грузия 5, Қазақстан 3 есе артық қаражат бөледі.

Осындай мәселелерді тізе келе Ұлттық кеңес мүшесі Асылбек Қожахметов ЖОО-ларда білім гранттарын табысы аз отбасылардан шыққан жастарға беру керектігін айтып өтті.

«Мәселен биыл Оксфорд пен Кембридж университеттеріне сол елдің Үкіметі кедей отбасылардан шыққан балалардың үлесі жалпы абитуриенттердің 7 пайызына теңесуі керектігін тапсырды. Әлеуметтік лифт жұмыс істеуі үшін біз де мемлекеттік гранттарды табысы аз отбасылардан шыққан балаларға беруіміз керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар