Ұлттық кеңес: Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасын жасау ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің саяси реформалар жөніндегі тобы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін бес жылға арналған тұжырымдама жасауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Саяси реформалар жөніндегі топ тағы бірнеше ұсынысты әзірледі. Сол ұсыныстарға жеке тоқталайын. Біріншіден, біздің ойымыза жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін бес жылға арналған тұжырымдама қажет. Сонымен бірге арнайы заң әзірлеп, қабылдаған дұрыс. Жергілікті деңгейдегі жиындарды өткізудің жаңа тәртібін енгізетін уақыт жетті деп санаймыз. Мсыалы қазір ол үшін аудан әкімінің келісімі қажет. Біз ауыл азаматтарының кемінде 10 пайызы жиын өткізу туралы мәселе көтерсе, оған сол ауыл әкімінің келісімі жектілікті деп есептейміз», - деді Ұлтық кеңес мүшесі Максим Споткай кеңес отырысында.

Оның айтуынша, екінші жағынан тұрғындар сондай жиындар арқылы әкімдердің жұмысына қоғамдық бақылау орнатар еді.


Соңғы жаңалықтар