Ұлттық кеңес жаңа реформалар ұсынатын маңызды құрылымға айналды - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жаңа реформалар ұсынатын маңызды құрылымға айналды. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық кеңестің жұмысы әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына сарапшылар мен БАҚ-та қызығушылық танытуда. Ұлттық кеңес құрамы және міндеттері туралы әртүрлі ұсыныстар айтылды. Тіпті қарама-қайшы пікірлер де болды. Дей тұрғанмен алғашқы кезеңнен бастап Ұлттық кеңес жұмысқа белсене кірісті. Біз осында қабылданатын шешімдер арқылы елдегі жүйелі реформаларға оң серпін беруді көздейміз. Шын мәнде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға зор үлес қосып келеді. Сондықтан осы алқалы жиын еліміздегі ауқымды өзгерістерге жол ашып отыр деуге болады», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, 1,5 жылдан астам уақыт ішінде нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Кеңес мүшелері саяси реформалардың бірінші топтамасындағы шараларды жүзеге асыруға атсалысты. Екінші топтамада көзделген жұмыстар да аяқталуға жақын. Сонымен қатар саяси реформалардың үшінші топтамасы бойынша жұмыс басталып кетті.

«Бүгінгі таңда ұлттық кеңестің ұсынысымен 3 заң қабылданды. Тағы 9 заң жобасы әзірленіп жатыр. Заң шығару жауапты әрі күрделі жұмыс екені баршаға белгілі. Осы тұрғыдан алғанда кеңес мүшелері ауқымды жұмыс атқарды. Ұлттық кеңес алғашқы кезеңде өз қызметін консультативті-кеңесші орган ретінде бастады. Ал бүгінде жаңа реформалар ұсынатын маңызды құрылымға айналды. Кеңестің әрбір мүшесіне белсенді қоғамдық қызметі үшін ризашылыымды білдіремін»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар