Ұлттық кеңес: Зейнетақы жинағын ЖОО-да оқу ақысын төлеу үшін пайдалануға рұқсат беру ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Арман Қашқынбеков зейнетақы жинағын азаматтарға пайдалануға рұқсат беру бойынша Президентке тың ұсыныс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің экономикалық жаңғыру бойынша жұмыс тобының ұсыныстарының бірі – азаматтарға зейнетақы жинағын ЖОО-да оқу ақысын төлеу үшін пайдалануға рұқсат беру. Қазіргі уақытта тек зейнетақы жинағын үй алу немесе денсаулық жағдайына байланысты пайдалануға рұқсат беру туралы мәселе қаралып жатқанын атап өту керек. Жалпы бұл мәселе қазіргі уақытта Президент Әкімшілігімен және Үкіметпен бірге кеңінен талқылануда», - деді Арман Қашқынбеков Ұлттық кеңестің төртінші отырысында.

Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өтті. Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау мәселелері қаралды.


Соңғы жаңалықтар