Ұлттық кеңес мүшесі «ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын» енгізуді ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы ЖОО-ларды мемлекеттік және жеке деп бөлмей, жақсы және жаман деп бөлу керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірінші кезекте бізге оқыту парадигмасын өзгерту керек. Жеке тұлғаны дамыту тәсіліне көшу керек. Студентке мамандықпен бірге өмірлік бағыт-бағдар бойынша білім беру керек. Патриотизмі сіңіріп, өмірге үйрету керек. Әлихан Бөкейхан айтқандай, «ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден». Бізге ЖОО-лардың ашық бәсекесін дамыту керек. Ол үшін «ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын» ұсынамын. ЖОО-ларды мемлекеттік және жеке деп бөлмей, жақсы және жаман деп бөлу керек», - деді Асылбек Қожахметов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында.

Оның айтуынша, халықаралық және ұлттық деңгейде бәсекеге қабілетті ЖОО-лар болуы тиіс.


Соңғы жаңалықтар