Ұлттық кеңес мүшелері ІІМ басшысымен Президент реформаларының барысын талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президентінің көмекшісі, Кеңес хатшысы Ерлан Қарин өзінің құттықтау сөзінде Ішкі істер министрлігінің басшылығы қоғаммен диалогқа ашықтығын және бірлескен ынтымақтастыққа дайындығын көрсетіп отырғанын атап өтті.

Мәселен, Ерлан Қарин өткен кездесу аясында 2020 жылдың қараша айының соңында ҰҚСК мүшелері әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелер штатын нығайту, балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарды тергейтін әйел тергеушілерді мамандандыру және пенитенциарлық мекемелер мен полицияның қызметтік үй-жайларында жаппай бейнебақылау енгізу шеңберінде бақылауға енбеген аймақтардың картасын әзірлеу бойынша ұсыныстар ұсынғанын мысалға келтірді.

Осы ұсыныстардың барлығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы ақпандағы ҰҚСК-нің бесінші отырысында берген тапсырмаларының негізін қалады.

2021 жылғы наурызда ішкі істер министрінің бұйрығымен ішкі қайта бөлу есебінен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің штат саны 248 бірлікке, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар 2,5 мыңға жуық бірлікке жеткізілді.

Сондай-ақ осы жылдың көктемінде әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық қылмыстарды тергейтін құрамына тергеуші-әйелдер кірген топтар құрылды.

Сонымен қатар қазіргі уақытта ІІМ ағымдағы жылдың соңына дейін полицияның қызметтік үй-жайларында жаппай бейнебақылауды енгізу бойынша шаралар қабылдауда. Аталған жүйені ҚАЖ мекемелерінде кезең-кезеңімен енгізу 2023 жылдың соңына дейін аяқталатын болады.

Ерлан Тұрғымбаев өз кезегінде министрліктің ағымдағы қызметі және ведомство жұмысындағы жоспарланған өзгерістер туралы баяндады.

Министр ҰҚСК мүшелерін ішкі істер органдары жүйесін жаңғырту, полиция жұмысының сервистік моделіне көшу, «Жұртқа жақын полиция» қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрлық технологияларды енгізу бойынша «Police 102» қосымшасын пайдалану, электрондық әкімшілік және сотқа дейінгі іс жүргізу және өзге де шараларшаралармен таныстырды.

Ерлан Тұрғымбаев қазіргі уақытта ІІМ халыққа электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің деңгейі 95%-ға жеткізілгенін атап өтті (40-тың 38-і). Олардың ішіндегі ең кең таралғаны – көлік құралдарын банктердің мобильді қосымшалары арқылы рәсімдеу және тіркеу. Қазір мұндай қызмет бірқатар екінші деңгейлі банктердің қосымшасында қолжетімді.

Сондай-ақ Кеңес мүшелеріне пенитенциарлық жүйені жаңғырту, сотталғандардың құқықтық жағдайын, оларды ұстау жағдайларын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралық апарат берілді.

Қазіргі уақытта министрлік жұмыс істеп тұрған колониялардың аумағында жаңа тұрғын блоктарын кезең-кезеңімен салу және қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңарту бойынша жұмыстарды бастады.

Сонымен қатар, алдағы 3 жылда Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында және Түркістан облыстарында 4 мекеме салу мәселесі пысықталуда.

Министр бүгінгі кездесу алдағы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ІІМ-мен сындарлы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін ерекше атап өтті.

Одан әрі кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар және талқылау барысында айтылған ұсыныстар мен мәселелерді бірлесіп пысықтау туралы келісті.

Сонымен қатар ұлттық кеңес мүшелері елордалық полиция департаментінің жедел басқару орталығында болып, цифрландыру жобаларын іс жүзінде іске асыру, оның ішінде бейнебақылау жүйелерімен, полицияны шұғыл шақыру, есепке алынған адамдарды бақылаудың электрондық құралдары және өзге де технологиялармен танысты.

Сондай-ақ ұлттық кеңес мүшелеріне полицейлердің жаңа нысанды киім-кешектері мен сотталғандар дайындайтын «Еңбек» РМК өнімдері көрсетілді.


Соңғы жаңалықтар