Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы: Құжатта негізгі сын-қатерлерге қарсы іс-қимылдар қамтылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында таяудағы 5 жылда болуы мүмкін деп болжанған негізгі сын-қатерлерге қарсы іс-қимылдар қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы бұдан бұрын Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қаралып, мақұлданған және елдің ұлттық мүдделерін қорғауға қатысты тұжырымдамалық жағынан жаңартылған тәсілдерді қамтиды.

Стратегия – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша енгізілетін мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің негізгі құжаттарының бірі. Осыған орай құжатта таяудағы бес жылда болуы мүмкін деп болжанып отырған негізгі сын-қатерлерге қарсы іс-қимылға баса мән берілген.

«Атап айтқанда, біріншіден, коронавирус пандемиясының жалғасуы және биологиялық қауіпсіздіктің басқа да қатерлері. Екіншіден, экономиканы, еңбек қатынастарын, әлеуметтік саланы, ақпараттық кеңістік пен коммуникацияны түбегейлі өзгертетін технологиялық өзгерістер. Үшіншіден, қаржы-экономика саласына әсер еткен сыртқы нарықтардағы дағдарыс жағдайы. Төртіншіден, жаһандық және өңірлік аренада дағдарыстың одан әрі ушығуы кері әсер етеді.

Осыған байланысты әлемнің көптеген дамыған елдері қазіргі халықаралық және ішкі жағдайларды ескере отырып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің саясатын қайта қарайды», - делінген Ақорда мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар