Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыдағы ұшақ апатының мән-жайын анықтап жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы маңындағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қауіпсіздік ведомствосының мәліметіне сенсек, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«13 наурызда Алматы қаласының әуежайына қону кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті авиация қызметінің «АН-26» әуе кемесі (борттық нөмірі - 02) апатқа ұшырады. Бортта 6 экипаж мүшесі болды, оның 4 қаза тауып, 2 ауыр жарақаттармен госпитальға жатқызылды. Авиациялық оқиғаның себептері анықталып жатыр» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22 кезінде радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді.

Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақатпен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Кейіннен Алматы дәрігерлері ұшақ апатынан жапа шеккен екі адамның денсаулығы қалай екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар