Ұлттық Гвардияның 12 жауынгері «күрең беретті» қорғады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда Ұлттық Гвардия арнайы бөлім жауынгерлерінің күрең беретті тағу құқығын иеленуге арналған квалификациялық сынақтары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелдіге сілтеме жасап.

Биыл квалификациялық сынаққа қатысуға арнаулы жасақта кем дегенде 3 жыл қызмет еткен 500 әскери қызметкер ниет білдірді. Олардың 47-сі ары қарай өтуге рұқсат алды.

Ұш кезеңнен тұратын квалификациялық сынақтан өту оңайға соққан жоқ. Жауынгерлер физикалық және атыс дайындығы бойынша нормативтер тапсырды.

Соңғы күні 14 үміткер 12 шақырымдық жедел маршты бағындыруға шақты. Жауынгерлер белгілі бір бағыт бойынша сулы, балшықты жерлерден өтті.

Алайда жедел марштан 14 үміткердің 12-сі ғана келесі сынаққа өткізілді.

Үміткер Асланбек Нәкішев күрең беретті тағу мәртебесін иелену үшін 6 жылдан бері бағын сынап келген. Биыл айы оңынан туып отыр.

«Қиын болды. Әр нормативті жоғары деңгейде өтуің керек, сондықтан уайымдай бастайсың. Тіпті қоян-қолтың ұрыстың соңғы кезеңінде құлап жатсам да, берілмеймін деп, орнымнан тұрып, соңына дейін күрестім», - дейді Асланбек.

Биыл біліктілік сынақтары жаңа форматта өткенін атап өту керек. Олар практикалық нормативтерді орындау уақытын қысқарту арқылы бір ізге салынды. Осылайша бүгінде бұрынғы 75 шақырым қашықтық 12 шақырымға қысқартылды. Алайда тапсырылатын нормативтер саны екі есе өсті.

«Әр адам алдына қол жеткізгісі келетін мақсаттар қояды және бүгін 12 жауынгер бұл тапсырманы орындады. Алайда бұл өтпей қалғандар міндеттерін атқара алмайды деген сөз емес. Бұл адамдар күн сайын ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп қылмысқа қарсы күрес жүргізеді», - деді Ұлттық Гвардия бас қолбасшысы генерал-майор Альберт Маткәрімов.

Бүгінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Гвардия қатарында күрең беретті тағу құқығына ие 150 әскери қызметкер жұмыс атқаруда.

Соңғы жаңалықтар