+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Ұлттық фильмдердің прокатынан түскен қаражаттың 20 пайызы мемлекетке қайтарылады

2021 жылғы 16 сәуір 12:26
Бөлісіңіз:
Ұлттық фильмдердің прокатынан түскен қаражаттың 20 пайызы мемлекетке қайтарылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрлігі мемлекет қолдауымен түсірілетін ұлттық фильмдердің бюджетін 70 пайызға түсірмекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай талап «Кинематография туралы» заңда көрсетілген. Алайда бұл норма жыл сайын, біртіндеп орындалып жатыр. Вице-министр Нұрғиса Дәуешов редакцияның сауалына берген жауабында жаңа тәртіптің қалай жүезеге асатынын айтты.

«Заң аясында тұңғыш рет инвесторлар мен жеке капиталды тарту мақсатында ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржыландырудың жаңа моделі енгізілді. Егер осы күнге дейін барлық фильмдер 100% мемлекеттік тарапынан немесе жеке меншік тарапынан қаржыландырылса, заң қабылданғаннан кейін коммерциялық жобалар мемлекет-жеке меншік арасында ішінара екі тараптан қаржыландырылуы мүмкін. Үш жылдан кейін фильмдер шығару бойынша мемлекеттік бюджетке түсетін жүктеме 30% төменделмек», - дейді Нұрғиса Дәуешов.

Министрдің орынбасары өз жауабында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы бюджеттен қаржыландыру үлесін біртіндеп төмендету бойынша жұмыс істеп жатқанын да айтқан.

«Өткен жылы «Кинематография туралы» Заңға сәйкес қаржыландыру 80%-ды құраса, биыл 70%, одан әрі мемлекеттің қатысу пайызы төмендейтін болады», - деп жазады вице-министр.

Ол, сондай-ақ, кино түсіруге кеткен бюджет шығыны қайтаруды жаңа тетігі енгізілгенін жеткізді.

«Кинематография туралы» ҚР Заңы бойынша фильм шығаруға мемлекеттік қолдау алған жеке және заңды тұлғалар ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түскен кірістің 20%-ын Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударады. Яғни, ережеге сәйкес, барлық сатылымдардың 20%-ын Орталық алады, қалған 80% өндірушіге қалады», - делінген жауапта.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Испания мамандары бірігіп фильм түсіріп жатыр.

Сондай-ақ, Нұрғиса Дәуешов киноға бөлген қаражатты игерушілер қалай іріктелетінін түсіндірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT