Ұлттық экономика министрлігі сұйытылған газ бағасының қымбаттау себебін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы Рүстем Ахметов еліміздің бірқатар өңірінде сұйытылған газ бағасының неліктен көтерілгендігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізде білетіндей, бізде сұйытылған газ нарығыда шекті баға реттеу қолданылады. Бүгінде баға тоннасына 38 мың теңге мөлшерінде бекітілген. Сұйытылған газдың аталған көлемін тарату барысында бізге бірнеше рет шағым түсті. Бәсекелестікті дамыту, аталған заң бұзушылықты жою мақсатында осы жылдан бастап сұйытылған газды биржалық сату кезең-кезеңімен енгізіледі», - деді комитет басшысы Мәжілісте бизнес ахуалды жақсартуға бағытталған заң жобасын таныстыруға арналған отырыста.

Оның атап өтуінше, сұйытылған газды биржалық сату енгізілгеннен кейін нарықтағы ахуал жақсара түсетін болады.

«Сұйытылған газдың орташа бағасы бөлшек саудада көтерілмейді және газды көтерме-бөлшек сатудан түсіп отырған ақша кәсіпорынның кірісіне түседі. Ал кәспорындар бұл қаражатты инфрақұрылымдарын жаңартуға жұмсайды. Яғни, биржалық сауданы жүзеге асырудың оң әсерін байқаймыз. Иә, биржалық сауданың алғашқы кезеңін енгізген кезде бағаның күрт көтерілгендігін байқадық. Дегенмен, соңғы 6 ай бойы баға тұрақты болып тұр. Сұйытылған газ бағасының өсімі тоқтады және биржалық сауда енгізілгенге дейінгі бағамен теңесті. Бүгінде сұйытылған газ кейбір өңірлерде орташа есеппен 55-58 теңгеден сатылып жатыр. Ал кейбір өңірде 75 теңгеге дейін жетеді. Бірақ бұл Ресеймен шекаралас өңірлерде орын алып отыр. Себебі газ сол жақтан келеді», - деді Рүстем Ахметов.



Соңғы жаңалықтар