Ұлттық банк Ұлттық қор трансферттерінің валюта нарығындағы айырбасын жариялап отыруы тиіс - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық банк 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қор трансферттерінің валюта нарығындағы айырбасын ай сайын және тоқсан сайын жариялап отыруы тиіс. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы теңге бағамының тұрақсыздығы мәселесіне де тоқталып өтті.

«Бұл – біздің кәсіпкерлеріміз бен азаматтарымызды алаңдатып отырған мәселе. Менің тапсырмам бойынша Ұлттық банк бағам саясатының ашықтығын, сол арқылы оған халықтың сенімін арттыратын тетіктерді әзірледі. Ұлттық банк 2020 жылдың 1 қаңтарына бастап ұлттық қор трансферттерінің валюта нарығындағы айырбасын ай сайын және тоқсан сайын жариялап отыруы тиіс. Сонымен бірге айырбас кестесі де жарияланады. Ақша-несие саясатының стратегиясы қабылданады», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті өзінің Жолдауында микро және шағын бизнес табыс салығынан үш жылға дейін босатылатындығы айтылғанын еске салды.

«Оларды тексеруге дәл осындай мерзімге мораторий жарияланды»,- деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар