Ұлттық банк теңгенің әлсіреуі себебін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев наурыз айында теңгенің әлсіреуінің себептерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы наурызда теңгенің айырбастау бағамы келесі себептермен бір АҚШ доллары үшін 424,97 теңгеге дейін 1,9 пайызға әлсіреді. Біріншіден, осы жылғы наурызда мұнай бағасы бір баррель үшін 63,54 АҚШ долларына дейін 3,9 пайызға төмендеді. Вакцинация қарқынының төмендеуіне, жаңа агрессивті COVID-19 штамдарының пайда болуына және барынша қатаң оқшаулау шараларына оралуға байланысты тәуекелдер энергия тасымалдаушыларға сұранысты қалпына келтіру бойынша инвесторлардың жоспарларына әсер етті. Биылғы наурыздың қорытындысы бойынша АҚШ-тағы мұнай қоры да артты», - деді ҰБ басшысы Үкімет отырысында биылғы қаңтар-наурызда елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын талқылау кезінде.

Екіншіден, АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсуі аясында доллар дамушы нарықтардың валюталарына қатысты нығаюда.

«Нәтижесінде, түрік лирасы 11,1 пайызға, Индонезия рупиясы – 2 пайызға, Ресей рублі 1,6 пайызға әлсіреді. Бұл ретте, санкциялар тәуекелдерінің күшеюі жалпы үрдістерден басқа Ресей рублінің теріс динамикасына ықпал етті. Бұл жағдайда республикалық бюджетке трансферттер бөлу аясында Ұлттық қор активтерін конвертациялау мен квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюта түсімінің бір бөлігін сатуы теңгеге қолдау көрсетті», - деді Досаев.

Наурызда Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына шетел инвестицияларының ағыны айтарлықтай баяулады және

биылғы жылғы ақпандағы 178 млрд теңгемен және қаңтардағы 174 млрд теңгемен салыстырғанда 18 млрд теңгені құрады.

«Биылғы жылғы сәуірде тәуекел активтеріне сентимент тәуекелінің жалпы нашарлауы аясында дамушы нарықтардың активтерінен бейрезиденттердің нетто-шығарылуы байқалады. 9 сәуірде теңге бағамы мынадай себептер бойынша жыл басынан бері бір АҚШ доллары үшін 2,9 пайызға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 433,17 теңгені құрады», - деді ҰБ басшысы.


Соңғы жаңалықтар