Ұлттық банк теңге бағамындағы ахуалға қатысты түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 28 қыркүйекте сауда-саттықтың ашылуында 0,38%-ға әлсіреп, 428,20 теңгені құрады. ҚР Ұлттық банкі теңге бағамындағы ахуалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаһандық нарықтардағы доллардың нығаюына байланысты бүгін біз ұлттық валютаның біршама әлсіреуін байқап жатырмыз. АҚШ долларының индексі коронавирустың екінші рет қайталануына байланысты қауіптің күшеюі аясында, сондай-ақ АҚШ-та алдағы уақытта болатын Президет сайлауына байланысты негізгі әлемдік валюталар қоржынына қарсы нығайып, екі айдағы шарықтау шегіне жетті. ХВҚ өкілдерінің айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыс ұзағырақ жалғасады және кейбір елдердің экономикасындағы өсімге қайта оралу үшін жылдар қажет болады. Еуропада коронавирустың екінші рет қайталануы туралы үрейлену және шектеу шараларын енгізу де долларға қолдау көрсетеді», - деді Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов.

Департамент директорының айтуынша, доллар индексінің өсуі мұнай бағасының төмендеуіне себеп болды.

«Бейсенбі және жұма күндері сауда-саттықта мұнай бағасын белгілеу әлсіз қалпына келуіне қарамастан, қара алтын бағасының апталық үрдісі теріс аймақта – минус 2,9% болып қалып отыр. Сонымен қатар, мұнайға сұраныстың өсу перспективасы COVID-19 жағдайларының жаңа өсуі және бірқатар елдерде шектеу шараларын енгізу аясында күмәнді болып қалуда», - деп толықтырды ол.
Соңғы жаңалықтар