Ұлттық банк шешімінің арқасында қысқарған жұмыс орындарын қайта ашамыз - Алматы вентиляторлық зауытының директоры М.Баққұлов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық банкінің ұлттық валютаны инфляциялық таргеттеу туралы шешімі бизнес қауымдастық тарапынан қолдауға ие болды. Өз ойларын ШОБ өкілдері Мемлекет басшысымен кездесу барысында жеткізді.

Олардың бірі Алматы вентиляторлық зауытының директоры Марат Баққұлов қабылданған шешім отандық өндірушілерді қолдауда үлкен серпін туғызбақ деп санайды. «Біздің зауыт 2008 жылы құрылған болатын. Дағдарыста өстік. Бірақ биылғы жағдайда бағасы екі есе арзан ресейдің тауарлары жаулап алып, қиналып қалдық. Бәсеке ауыр болды. Жаңа үлкен бизнес сөйледі. Олардың басындағы күрделі жағдай бізге де сезіледі. Біздің ұжымымыз болып, осы жаңалықты қуанышпен қарсы алдық. Енді қысқарған жұмыс орындарын қайта қалпына келтіріп, өндірісті кеңейте түсеміз деген сенімдемін», - деді зауыт директоры. Жиын соңында Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық банкіне жеке тұлғалардың мерзімді депозиттеріне төлем тетігін енгізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар