Ұлттық банк проблемалармен қалай күресіп жатыр - Ақышев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында қаржы реттегішінің банк проблемаларымен қалай күресіп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«RBK банкінде келеңсіз жағдай болды. Кез-келген банк үлкен кәсіпорын. Оның жұмысы салымшылардың белсенділігіне байланысты. Бір ғана негативті ақпарат банк жұмысына әсер етеді. Сондықтан, біз бас проблемалар туралы айтпаймыз. Жазалау туралы айтамыз, бірақ қай банк екенін жарияламаймыз. Себебі әр ақпарат банк үшін ұрымтал келеді. Бірақ, ақшаны жымқыру схемасын анықтасақ, құқық қорғау органдарына жібереміз», - деді 

Осы сәтте Ұлттық банк басшысының онлайн-конференциясы өтіп жатыр. 12 ақпаннан бері Данияр Ақышевтың атына 300-ден астам сауал жолданған. Қазақстандықтарды банк секторын дамыту, несие мөлшерлемесі, айырбас пункттері мен криптовалюталар, сондай-ақ басқа да мәселелер толғандырып отыр.

Соңғы жаңалықтар