Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтап қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат–Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жылдық 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тиісінше, өтімділікті ұсыну бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 10,0% және өтімділікті алу бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 8,0% болады.

«Шешім инфляцияны орта мерзімді кезеңде 4-6%-дық нысаналы дәлізге қайтару мақсатында қабылданып, тәуекелдер теңгерімінің проинфляциялық факторлар жағына қарай ығысуымен негізделді. Сыртқы және ішкі инфляциялық қысым ұлғайды, азық-түлік бағасының одан әрі көтерілу тәуекелі артты, инфляциялық күтулердің жоғарылауы байқалады. Сонымен қатар елде және әлемде коронавирустық инфекцияға байланысты белгісіздік сақталуда», – деп хабарлады банктен.

Жылдық инфляция 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық банктің болжамына сәйкес қалыптасып, 7,5% болды.

Қазақстан экономикасы 2020 жылы 2,6%-ға қысқарды, бұл Ұлттық банктің болжамдарына сәйкес келеді. ІЖӨ-нің қысқаруына тау-кен өндірісі, сауда және көліктің төмендеуі теріс әсерін тигізді. Тау-кен өнеркәсібіндегі құлдырау мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты. Көліктің қысқаруына жүк айналымы мен жолаушылар айналымы көлемінің төмендеуі ықпал етті. Сауданың теріс серпіні карантиндік шектеулердің сақталуына және төмен сұранысқа байланысты болды. Сонымен қатар, ІЖӨ серпініне өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, ақпарат және байланыс, сондай-ақ мемлекеттік сектор оң үлес қосты»,- деп атап өтті Ұлттық банк.


Соңғы жаңалықтар