Ұлттық банк 91 млн долларға валюталық интервенция жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қазан айында әлемдік деңгейдегі валюта нарығына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бірқатар елде COVID-19-бен ауырғандардың көбеюі, Еуропада жаңа карантиндік шаралардың енгізілуі, одан қалды АҚШ-тағы президент сайлауындағы белгісіздік - осының бәрі қазан айында әлемдік деңгейде қаржы нарығына едәуір әсер етті. Сол себепті Ұлттық банк өз кезегінде теңге бағамының тұрақсыздығын әрі күрт құбылуын болдырмас үшін интервенция жасауға әрекет етіп бақты.

«Еліміздің негізгі экспорттық тауарлары үшін қазан қиын болғанын айта кету керек. Коронавирустың екінші толқынының таралу тәуекелін іске асыру, сондай-ақ Ливиядағы өндірістің тез өсуі және АҚШ-тағы отын қорының өсуі туралы хабарламалар мұнай бағасына теріс әсер етті. Қазанның қорытындысы бойынша мұнай бағасы бір баррель үшін 41 доллардан 37,5 долларға дейін немесе 8,5%-ға төмендеді. Қазіргі кезде нарықтардың назары ОПЕК альянсының іс-қимылына аударылған. ОПЕК+ елдерінің бұдан бұрын қолжеткізген уағдаластығына сәйкес 2021 жылғы қаңтардан бастап мұнайды өндіруді қысқартуды біртіндеп азайту және өндіру квотасын тиісінше біртіндеп ұлғайту ұсынылуда»,– дейді Әлия Молдабекова.

Алайда екінші серпін таралу аясында қарашаның басында баға белгілеулерге ішінара қолдау көрсеткен Ресей мен Сауд Арабиясынан ОПЕК+ қолданыстағы шектеулерді ұзарту мүмкіндігін қарастыру, не қосымша қысқартулар туралы хабарлар пайда болды.

Көмірсутегі нарығындағы серпін қазанда теңге үшін негізгі айқындауыш фактор болды. Мұнай бағасымен қоса сыртқы нарықтардағы ортақ үрдістер инвесторлардың дамушы елдерге деген қызығушылығына әсер етті, ол дамушы елдер валюталарының серпініне, оның ішінде теңгені серпініне де әсер етті. Ұлттық валютаның бағамы бір айда бір доллар үшін 432,66 теңгеге дейін 0,2%-ға әлсіреді.

Экономиканы ынталандыру ресурстары шектеулі болуына байланысты пандемия көптеген дамушы елдердің экономикасына елелулі теріс әсер етуде. Алайда дамушы нарықтар бойынша жағдай тән болатын ішкі ерекшеліктерге қарай біркелкі емес. Мәселен, Латын Америка елдеріне қарағанда Азия өңірінің елдері салыстырмалы түрде төмен өлімді, ҚХР мен Оңтүстік Кореяда экономикалық белсенділіктің қалпына келуін көрсете отырып, пандемияның салдарын барынша ойдағыдай жеңіп шығуда.

«Сонымен қоса осы валюталар серпінінің үйлесімдігін қамтамасыз ететін дамушы нарықтарға активтердің жекелеген сыныбына сияқты жүйелі әсер ететін факторлар бар. Дамушы елдер валюталарының үйлесімдігі жаһандық инвесторлардың ортақ тәуекел дәрежесі арқылы сияқты саудаланатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің салыстырмалы бағасы арқылы да белгіленуі мүмкін. Яғни дамушы елдердің валюталары жаһандық құнсыздануы жағдайында, әлсіремеген валюталар жергілікті тауралар мен көрсетілетін қызметтер құны салыстырмалы түрде қымбаттауынан, сондай-ақ сауда әріптестерінің валюталары әлсіреуінен қысымның астында қалады»,– деді ол.

Қазанда теріс сыртқы сентименттің және сыртқы факторлардың аясында дамушы нарықтардың валюталары әлсіреді: Түрік лирасы 8%-ға, Бразилия реалы 2,3%-ға, Ресей рублі 2,2%-ға әлсіреді.

«Теңге бағамы дамушы нарықтардың валюталары қатарының теріс серпініне салыстырмалы түрде аз ұшырағыш, ол қаржы нарығымызда шетелдік портфельдік инвестициялардың әкелінуі мен әкетілуінің аздаған құбылмалығымен түсіндіріледі»,– деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, ол теңге бағамының тұрақсыздығын әрі күрт құбылуын болдырмас үшін Ұлттық банктің жасаған интервенциясы мен ішкі нарыққа сыртқы нарықтағы жағдайдың әсер етуі туралы айтты.

«Сыртқы нарықтардағы жағдай сияқты, өткен айда теңге серпіні әртүрлі бағытта болды және орташа құбылмалылықпен сипатталды. Алайда, қазанның соңғы күндерінде энергия тасығыштарға бағаның күрт төмендеуі аясында теңгеге айтарлықтай қысым болды. Айдың соңғы аптасында мұнайдың бір баррелі құнының төмендеуі қарқынды болды және 2020 жылғы сәуірден бастап барынша нашар болды, баға белгілеулер 10,3%-ға төмендеді.Осы кезеңде валюта нарығында валюта ұсынысының күрт төмендеуі және өтімділіктің төмендігі байқалды, осыған байланысты Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізді, оның көлемі 91,3 млн долларды құрады, Ұлттық банктің қатысуы жалпы нарықтық серпінге кедергі келтірмеді»,– дейді спикер.

Валюта нарығы үшін қолайлы факторлардың ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына бейрезиденттердің әкелінуінің қайта басталғанын атап өту қажет. Қазанда мұндай әкелінудің көлемі 71,8 млрд теңгені немесе шамамен 167 млн долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар