Ұлттық банк 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясаты стратегиясының жобасын әзірлейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы бірінші тоқсанда 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясаты стратегиясының жобасы әзірленеді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүргізілген қайта ұйымдастырудан кейін 2020 жылы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету аясында тиімді ақша-кредит және валюта саясаттарын жүргізу, заманауи төлем инфрақұрылымын құруға жағдай жасау сияқты және басқа да бірқатар міндеттерді іске асыруға негізгі күш жұмсалатын болады. Биылғы 1-тоқсанның соңына дейін Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясаты стратегиясының жобасын әзірлеу аяқталады», - деді Е. Досаев.

Оның сөзіне қарағанда, Стратегияны іске асыру екі кезеңге болжанып отыр – бірінші кезең елдің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарымен үйлестірілетін болады. Екінші кезең инфляциялық таргеттеу саясатын толыққанды енгізу бойынша ұзақ мерзімді міндеттерді іске асыруды болжайды.



Соңғы жаңалықтар