Ұлттық арна тележүргізушілерге кастинг жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» ұлттық арнасы жаңа тележүргізушілерге кастинг жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан» РТРК» АҚ ресми сайтына сілтеме жасап.

«Егер Сіз тележүргізуші болуды армандасаңыз, «сөз саптау қабілетім жоғары, түр-келбетім лайықты» деп санасаңыз, Ұлттық арнаның жаңа маусымға жариялаған кастингіне қатысуға асығыңыз!», - делінген хабарламада.

Кастинг 12-14 шілде күндері Астанадағы Қазмедиа орталығында өтеді. Оған 25-35 жас аралығындағы жігіттер мен 22-30 жас аралығындағы қыздар қатыса алады.

Үміткерлерге жоғары филологиялық немесе журналистік білім, телевизияға сай көрік және тіл тазалығы сынды талаптар қойылады.

Толық ақпарат «Қазақстан» телеарнасының ресми сайтында жарияланған.

Соңғы жаңалықтар