Ұлт саулығы бірінші орында болуы керек - Сүндет Байғожин

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының басшысы Сүндет Байғожин Қазақстан халқын карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті отандастар! Баршаңызға мәлім, еліміз қазір күрделі ахуалды бастан өткеруде. Өзім карантин белгіленген күннен бастап санитарлық талаптарды тұрақты түрде сақтап келемін. Ұлт саулығы бірінші орында болуы керек. Әрқайсымыз өзіміздің, жақындарымыздың денсаулығы мен өміріне жанашырлық танытқанымыз абзал. Алайда, арамызда індеттің бар екеніне сенбейтін адамдар жоқ емес. Қаншама дос-жарандарымыз, туыс-туғандарымыз, даңқты тұлғаларымыз індеттің ілмегіне ілініп, өмірден өтті. Сондықтан әрқайсымыз әлеуметтік жауапкершілікті сезінгеніміз жөн», - дейді «Құрмет» орденінің иегері.

Осы орайда Сүндет Байғожин дағдарысты абыроймен еңсеру үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, енгізілген шектеулерге аса жоғары жауапкершілікпен қарауға шақырды.

«Қиын кезеңнен аман-есен шығып, қазақ өнерінің қара шаңырақтары есіктерін айқара ашып, қалыпты өмірге қайта оралатын күнге жетейік», - дейді ол.

Сондай-ақ, Сүндет Байғожин әлемді алаңдатқан індетке тосқауыл болып, азаматтарымыздың өміріне араша түсіп жүрген дәрігерлерге алғысын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар