Ұлт Көшбасшысы індетті жеңетіндігіне сенеміз -Қызылорда облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус індетін жұқтырғанын естідім. Ұлт Көшбасшысы індетті жеңеді деп сенеміз. Себебі ол кісінің рухы мықты, қайта қайтпас қайсарлығы биік,- деген пікір білдірді Қызылорда облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Қахар Дадашев ҚХА ресми сайтында.

Қахар Дадашевтің пайымдауынша, коронавирус эпидемиясы басталғалы бері әлемде түрлі қауесеттер көбейіп кеткен. Бірі індет бар десе, бірі сенбестік білдіруде. Дегенмен, «сақтансаң сақтаймын» дегендей, бірқатар өңірлерде індет жұқтырғандар қатары ережелерді елемеу салдарынан артуда. Сондықтан карантинге қатысты ел басшылығы енгізген шараларды қатаң ұстанған абзал.

«Әрине, әр іс уақыт пен сабырлықты қажет етеді. Осы орайда әрбір қазақстандық азаматқа аурудың алдын алу шараларына мұқият мән берсе екен деймін. Сонда ғана біз аурудың үдей түсуіне жол бермей, бірлесіп, барлығын жеңеміз»,- дейді өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі.



Соңғы жаңалықтар