Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында тағы 10 туристік маршрут жасалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында жыл соңына дейін тағы 10 туристік маршрут ашылады. Бұл туралы қалалық туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз тау маршруттарының абаттандырылуы мен цифрландырылуына баса мән береміз. Соңғы екі жылда қалалық туризм басқармасы 1000 тау соқпағын цифрландырды. Соңғы 3 жылда 300 шақырымға созылған 25 тау маршруты абаттандырылды. Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында жыл соңына дейін ұзындығы 157 шақырым болатын тағы 10 маршрут абаттандырылады», - деді Марат Айнабеков.

Оның айтуынша, Көкжайлауға баратын соқпақ жол жекеменшік инвестиция есебінен жасалған.

Қалалық туризм басқармасы хабарлағандай, жаңа инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тарту мақсатында Медеу тау шаңғысы курортында 100 нөмірге, 50 апартаментке шақталған қонақ үй кешені, Бутаковка шатқалында шағын хостел мен кофеханасы бар визит орталығы, 10 модульдік үйшігі бар глэмпинг аймағы, «Шымбұлақ» визит орталығын салу жоспарда бар.


Соңғы жаңалықтар